English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Малави «Жыл мемлекеті» деп жарияланды
13:51 / 2020-12-23

Әлемге әйгілі британдық The Economist журналы Оңтүстік Африка Республикасындағы Малави елін «Жыл мемлекеті» деп атады. Ондағы мақалаға сай, «авторитарлық аймақта демократияны қалпына келтіру үшін» деп сипатталған.

Басылымның осынау жарияланымында коронавирустық пандемия кезінде ондаған елдерде демократия мен адам құқықтарына деген құрмет айтарлықтай төмендеген болып, Малави осы тұрғыдан жағдайдың жақсарған жалғыз еліне айналғаны айтылады.

2020 жылдың 28 мамырында Питер Мутарика Малавидегі президенттік сайлауда жеңіске жетіп, екінші мерзімге қайта сайланды. Алайда кейін бұл нәтиже жойылды.

Дауыстарды санау арнайы сұйықтықпен бұрмаланған. Шетелдік бақылаушылар бұл сайлаудың әділ өттегенін айтқан соң, малавиялықтар бұған қарсы жаппай наразылық бастады. Нәтижесінде Конституциялық Сот президент сайлауының нәтижелерін жойды. Содан кейін маусым айында қайта сайлау өтіп, онда оппозиция кандидаты Лазарус Чаквера президент болып сайланды.

«Малави елі кедей, бірақ ол жерде өмір сүретіндер құл емес. Адамдар демократия үшін біріккен ел - бұл алға қарай ең үлкен қадам жасаған мемлекет», - деп жазды The Economist.

Еске салар болсақ, The Economist 2019 жылы Өзбекстанды жыл елі деп жариялаған болатын.