Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Макс Ферстаппен Нидерланды Гран-приінде жеңіске жетті
13:28 / 2022-09-06

Формула-1 бойынша Нидерланды Гран-приінде «Ред Булл» командасының пилоты Макс Ферстаппен чемпион атанды. Бұл оның 30-шы жеңісі.

Motorsport баслымының мәліметінше, формула-1 маусымының 15-ші кезеңі асында «Зандворт» трассасында өткен жарыста Макс Ферстаппен мәреге бірінші келді. Екінші болып «Мерседес» пилоты Джордж Рассел жетсе, үшінші орында «Феррари» командасының өкілі Чарльз Леклерк келген.

Кезекті жеңіс Ферстаппеннің өз жеріндегі екінші жеңісі. Ол  2021 жылы Нидерланды Гран-приінде мәреге бірінші жеттті және кейін маусымдық чемпионатта чемпион атанған еді.

Бұл жеңіс нидерландылық формула-1 шебері Макс Ферстаппеннің 30-шы жеңісі болды.

Нидерланды Гран-приінен кейінгі ТОП-10 жеке классификациялы кесте мынадай:

1. Макс Ферстаппен (Ред Булл) – 310 ұпай 

2. Шарль Леклер («Феррари») – 201

3. Серхио Перес («Ред Булл») – 201

4. Джордж Рассел («Мерседес») – 188

5. Карлос Сайнц («Феррари») – 175

6. Льюис Хэмильтон («Мерседес») – 158

7. Ландо Норрис («Макларен») – 82

8. Эстебан Окон («Альпин») – 66

9. Фернандо Алонсо («Альпин») – 59

10. Валттери Боттас («Альфа Ромео») – 46