Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Макс Ферстаппен Мехикодағы формула-1 жарысында рекорд орнатты
13:29 / 2022-11-01

Формула-1 бойынша Мексика Гран-приінде «Ред Булл» командасының пилоты Макс Ферстаппен чемпион атанды.

«Родригес» автодромында өткен жарыста 71 айналымды мәре сызығын бірінші болып Red Bull командасының өкілі Макс Ферстаппен жетті. Ол осы маусымда 14 мәрте финишке бірінші келіп, формула-1 жарысында рекорд орнатты. 

Бұған дейінгі жетістік Михаэль Шумахер мен Себастьян Феттельге тиесілі болған. Олардың әрқайсысы бір маусымда 13 рет жеңіске жеткен.

Мехикодағы Гран-приде «Мерседес» пилоты Льюис Хэмилтон екінші орында келсе, тағы бір «Ред Булл» өкілі Серхио Перес үздік үштікті қорытындылаған.