Макс Ферстаппен алғаш формула-1 жарысында чемпион атанды
Red Bull командасының нидерландылық жүгірушісі Макс Ферстаппен мансабында алғаш рет формула 1 жарысында жеңіске жетті.
24 жастағы автопилот биылғы маусымның финалдық кезеңі – Абу-Даби Гран-приінде қазіргі чемпион Льюис Хэмилтонды ұтып, чемпион атанды.
Жарыс тарихында 47 жыл ішінде бірінші рет чемпиондыққа таласқан екі үміткер – Хэмилтон мен Ферстаппен бірдей ұпаймен (369,5-тен) финалға шықты. мұндай жағдай жарыс тарихында бір рет қана – 1974 жылы болған.
Мерседес мүшесі Льюис Хэмилтон жарыстың көп бөлігінде көш бастап келді, бірақ соңғы айналымда Ферстаппен басып озды.
Жалпы есепте Ферстаппен 395,5 ұпай алса, Хэмилтон 387,5 ұпай жинады. 3-орын Мерседестің тағы бір мүшесі Валтери Боттасқа (230 ұпай) нәсіп етті.
Осылайша 2014 жылдан бері бірінші рет чемпиондықты мерседес командасынан басқа топ спортшы жеңіп алды.