Макрон Францияда наразылық тудырған зейнетақы реформасын мақұлдады
Франция президенті Эммануэль Макрон соңғы айларда елде наразылық толқынын тудырған зейнетақы реформасы туралы заңға қол қойды.
Le Monde газетінің хабарлауынша, заң ресми журналда жарияланды және осылайша мақұлданды деп саналады. Атап айтқанда, зейнет жасын 62-ден 64-ке дейін көтеруді қарастырады.
Бұған дейін, тоғыз мүшеден тұратын Конституциялық кеңес жұма күні негізгі ережелерді, соның ішінде зейнет жасын 62-ден 64-ке дейін көтеруді қолдап, заңнаманы заңға сәйкес деп санаған.
Оппозиция мен кәсіподақтар өз тарапынан реформаның күшін жоюға күш салатынын ескерткен.