Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Макрон Франция үкіметін отставкаға жіберді
11:09 / 2024-12-06

Франция президенті Эммануэль Макрон парламент жариялаған сенімсіздік вотумынан кейін премьер-министр Мишель Барненің үкіметтің отставкаға кетуі туралы өтінішін қабылдады.

Барне жаңа премьер-министр тағайындалғанға дейін өз қызметінде қалады. Бұл оқиға қазіргі Франция тарихында премьер-министрдің қызметте үш айдан аз уақыт болған алғашқы жағдайы ретінде тарита қалды.

«Бүгін премьер-министр республика президентіне үкіметтің отставкаға кетуі туралы өтінішін ұсынды, және ол өтініш қабылданды. Мишель Барне жаңа үкімет құрылғанға дейін үкімет мүшелерімен бірге осы істерді жүргізе береді», – деп хабарлайды Елисей сарайы.

4 желтоқсан, сәрсенбі күні Францияның Ұлттық ассамблеясы Мишель Барне басқарған министрлер кабинетіне сенімсіздік білдірді. 574 депутаттың 331-і бұл шешімді қолдап дауыс берді. Бұған үш күн бұрын премьер-министр Конституцияның 49.3-бабын пайдаланып (бұл заңды парламенттік дауыс берусіз қабылдауға мүмкіндік береді), 2025 жылға арналған әлеуметтік сақтандыру бюджетін бекіткен еді.

Мишель Барне – Макронның екі президенттік мерзімі ішінде ауысқан бесінші премьер-министр. Оған дейін бұл қызметте Эдуар Филипп, Жан Кастекс, Элизабет Борн және Габриэль Атталь жұмыс істеген.