Махмуд Муродов UFC-дегі екінші жекпе-жегін накаутпен ұтты
Муродов UFC мен төрт жекпе-жекке келісім жасаған
ММА бойынша орта (-84) салмақта октагонға шығып жүрген өзбекстандық жекпе-жек шебері Махмуд Муродов осы жылдың басында UFC мен келісім жасаған болатын.
Осы келісімнің екінші жекпе-жегін 8 желтоқсан күні АҚШ-та америкалық Тревор Смитке қарсы өткізіп үшінші раундта Смитті накауқа жіберді. 38 жастағы Тревор Смит джиу-джитсу шебері болып, ол UFC аясында 12 рет октагонға шығып бес мәрте жеңіске жетіп, жетінші рет жеңілді.
UFC-дегі алғашқы өзбекстандық спортшы Муродов екі рет жекпе-жекке шықты және екеуінде жеңіспен аяқтады. Муродов UFC мен төрт жекпе-жекке келісім жасаған, егер қалған екі кездесуде осылай аяқталса келісім ұзартылмақ.