Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Магнус Карлсен «Superbet Poland» турнирінде жеңімпаз атанды
12:37 / 2024-05-13

Польша астанасы Варшавада өткен беделді Superbet Poland Rapid & Blitz шахмат турнирі өз мәресіне жетті.

Жүлде қоры 175 мың АҚШ долларын құрайтын додада жалпы ұпай саны бойынша Магнус Карлсен жеңіске жетті.

Әлемнің үздік 10 гроссмейстері бас жүлдені сарапқа салған турнирде өзбекстандық шахмат шебері Нодирбек Абдусаттаров 6 орынға табан тіреді.

Superbet Poland Rapid & Blitz финалдық қорытынды кесте:

Rapid: 1. Вэй И – 13; 2. Карлсен – 12; 3. Прагнанандха – 10; 4-5. Шевченко, Дуда – 9; 6-7. Эргайси, Абдусаттаров – 8; 8-10. Каймер, Гукеш, Гири – 7.

Blitz: 1. Карлсен – 14; 2. Вэй И – 12,5; 3. Дуда – 10,5; 4. Эргайси – 10; 5. Абдусаттаров – 9,5; 6. Прагнанандха – 9; 7. Гири – 7; 8-9. Шевченко, Каймер – 6; 10. Гукеш – 5,5. 

Жалпы кесте бойынша: 1. Карлсен – 26; 2. Вэй И – 25,5; 3. Дуда – 19,5; 4. Прагнанандха – 19; 5. Эргайси – 18; 6. Абдусаттаров – 17,5; 7. Шевченко – 15; 8. Гири – 14; 9. Каймер – 13; 10. Гукеш – 12,5.