French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Магнус Карлсен шахматтан әлем чемпиондығын қорғаудан бас тартты
12:10 / 2022-07-21

Шахматтан әлем чемпионы норвегиялық Магнус Карлсен чемпиондық атағын қорғаудан бас тартты.

Норвегиялық FIDE-ге берген түсініктемесінде, басқа чемпиондық матч өткізуге ынтасы жоқ екенін айтқан. Ол бұл шешімді бір жарым жыл ойланып, Халықаралық шахмат федерациясымен және Непомнящиймен талқылаған.

Енді үміткерлер сайысында екінші орын алған ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэнь әлем чемпионы атағын сарапқа салады.

Магнус Карлсен 2013 жылы әлем чемпионы атанды. Ол бұл атағын 2014, 2016, 2018 және 2021 жылдары қорғаған. Соңғы рет оның қарсыласы Ян Непомнящий болған еді.