Магнус Карлсен Самарқандта рапидтен әлем чемпионы атанды
Норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсен Самарқандта өткен рапидтен әлем чемпионатында жеңіске жетті.
Кездесулер нәтижесінде 33 жастағы шахматшы 10 ұпай еншілеген. Норвегиялық спортшы соңғы айналымда үндістандық Рамешбобо Прагнанандхамен тең түсіп, қарсыластарынан басым түсті.
Осылайша Карлсен шахматтың рапид түрінен бес дүркін әлем чемпионы атанды. Ол бұған дейін 2014, 2015, 2019 және 2022 жылдары әлем чемпионы болған еді.