МАГАТЭ Өзбекстанға құны 1 миллион евро тұратын медициналық жабдықтар тарту етеді
Өзбекстанның Австриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Файзуллаев Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) Бас директоры Рафаэль Гроссиға сенім грамоталарын тапсырды
Өзбекстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абат Файзуллаев Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) Бас директоры Рафаэль Гроссиға МАГАТЭ-де өзінің тұрақты өкілі ретінде сенім грамоталарын тапсырды.
Өзбекстан СІМ-нің хабарлауынша, салтанатты рәсімнен кейін болған әнгіме барынсында Рафаэль Гросси Өзбекстан энергетика саласында ауқымды реформалар жасап жатқаны мен елде атом энергетикасын құру туралы шешім қабылдағанынан хабары бар екені жайлы айтып, Өзбекстанның ядролық инфрақұрылымын жан-жақты бағалау миссиясына дайындалудағы табысты ынтымақтастық жайлы сөз қозғап МАГАТЭ-нің бас директоры Өзбекстанда АЭС салудағы барлық қызмет салаларына қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
Пандемияға байланысты кейінге қалдырылған бірқатар бірлескен іс-шаралардың өткізілетіндігіне өзара сенім білдірді.
Сұхбат шағында осы жылдың өзінде ғана МАГАТЭ коронавирустың таралуына қарсы күреске арналған үш медициналық мекемеге жалпы құны 405 мың еуро тұратын коронавирусты анықтауға арналған тестілік жүйелер жиынтығын мен техникалық ынтымақтастық жобалары аясында Ташкент эндокринология институтына көпфункционалды диагностикалық гамма-камерасын тарту еткендігі айтылды.
Алдағы уақытта Халықаралық агенттіктік қолдауымен Наманган онкологиялық орталығына сәулелік терапия үшін заманауи жабдықтар мен Самарқанд мемлекеттік университетінің оқу зертханаларына қажетті болған жалпы құны 1 миллион еуроны құрайтын медициналық құралдарме қамтылатын болады.