Мадридте наразылық шеруі кезінде 24 адам ұсталды
Испанияда Каталонияның тәуелсіздігін жақтаушыларға рақымшылыққа қарсы шеру шерушілер мен полиция арасындағы қақтығыспен аяқталды.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, құқық қорғау органдары 24 адамды ұстады.
Митинг 9 қараша күні кешке Испания Социалистік жұмысшы партиясының (PSOE) штаб-пәтерінде басталды, оның жетекшісі премьер-министрдің міндетін атқарушы Педро Санчес.
Жаңа үкіметті құру жөніндегі келіссөздер аясында PSOE каталондық партиялармен 2012 жылдан бері аймақтағы сепаратизмге қатысы бар адамдарға рақымшылық жасау туралы келісімге келген, дегенмен судьялар шараның кімге әсер ететінін бағалайды. Бұл бастама жарияланған соң көп ұзамай социалистік партияның штаб-пәтері маңында бірнеше мың адам жиналып, оған қарсы екендіктерін білдірген.
Наразылық акциясы кезіндегі тәртіпсіздік салдарынан жеті полиция қызметкері жарақат алғаны айтылады хабарламада.