Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мадагаскардағы циклоннан қаза тапқандар саны 100-ден асты
09:26 / 2022-02-10

Мадагаскар аралына соққан «Батсирай» тропикалық циклоны салдарынан 101 адам қаза тапты.

Madagascar Tribune газетінің хабарлауынша, бес коммунада адамдар өлген. Аралдың шығысында орналасқан Иконго округі циклонның соққысын төрт күн бұрын бірінші болып қабылдады. Адамдардың көпшілігі қатты жел мен көшкіннің салдарынан үйлердің құлауы нәтижесінде қаза тапқан.

6 ақпан түнгі уақытта соққан циклоннан Мадагаскардың ірі қалалары зардап шеккен жоқ. Негізгі соққы аралдың шығысындағы аз қоныстанған аудандарда болған. Соған қарамастан бірқатар жерлерде үйлер қирап, электр желілері зақымданған. Циклон әкелген нөсер жаңбыр Мадагаскардың ірі шаруашылық орталықтары шоғырланған орталық аудандарын су астында қалдырды. Ауылшаруашылық дақылдарына келтірілген зиян мөлшері әзірше нақтыланбады.

Мадагаскардың Тәуекелдер мен апаттарды басқару ұлттық бюросы демалыс күндері елдің шығыс жағалауында соққан «Батсирай» циклонының салдарынан 70 355 адамның эвакуацияланғанын хабарлады.