Мадагаскардағы циклон: алты адам қаза тауып, 50 мың азамат эвакуацияланды
Мадагаскардағы «Батсирай» тропикалық дауылынан алты адам қаза тауып, 48 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді.
France24-тің хабарлауынша, өткен сенбі, ақпанның 5-і күні кешке жеткен Мадагаскардағы дауылдың жылдамдығы 45 м/с құрауда.
Әзірге зардап шеккендердің жалпы саны белгісіз, бірақ кемінде алты адамның қаза тапқаны хабарланды. Аралдағы 28 миллион халықтың 4,4 миллионға жуығы қауіп төніп тұр.
Синоптиктердің мәліметінше, қазір тропикалық циклон біраз әлсіреген.