Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мадагаскар жағалауында кеме апатқа ұшырап, 17 адам қаза тапты
09:31 / 2021-12-21

Мадагаскар жағалауында жүк кемесі апатқа ұшырап, кем дегенде 17 адам қаза тапты.

Agence France-Presse басылымының дерегінше апатқа ұшыраған кеме ағаштан жасалған және жолаушыларды тасымалдауға рұқсат етілмеген болған.

Кеме бортында 130 жолаушы болып, оның 45-і құтқарылды. 60-қа жуық адам із-түзсіз жоғалды. Іздеу жұмыстары жалғасуда, - деген теңіз және өзен әкімшілігі басқармасы.

Алдын ала мәлімет бойынша, дүйсенбі күні таңертең кеме қозғалтқышы істен шыққан, содан кейін кеме ағып кетіп, рифке құлаған.

Қазіргі уақытта құтқару операциясы жүріп жатыр. Оған жандарм бөлімшелері, Әскери-теңіз күштері және жергілікті тұрғындар қатысуда.