Мәскеуде 5 қыркүйектен бастап коронавирусқа қарсы жаппай вакцина салу басталады
Ресейде жасалған «Спутник V» вакцинасымен 5 қыркүйектен бастап жаппай Мәскеу тұрғындарын коронавирусқа қарсы емдеу басталады
Ресейде жасалған «Спутник V» вакцинасымен 5 қыркүйектен бастап жаппай Мәскеу тұрғындарын коронавирусқа қарсы емдеу басталады. Осы мақсатта вакцина 5 қыркүйекке дейін қалалық ауруханалар мен емханаларға жеткізілетін болған.
«Барлығы жоспар бойынша жүріп жатыр. 3-5 қыркүйек аралығында еріктілерді тексеру жалғасып, олар барлық сараптаманы жіберуі керек. Сондықтан вакцина салу тек 5 қыркүйекте басталады», - дейді вакцинаны жасаған Гамалея атындағы орталықтың директоры Александр Гинцбург.
26 тамызда Мәскеу мэрі Сергей Собянин Мәскеу тұрғындарын «Спутник V» сынағына қатысуға және вакцина салуға шақырды. Осы сынақ аясында қатысқысы келетіндер Мәскеу үкіметі мен мэрінің порталына өтініш беруі мүмкін. Сынақтарға қатысу үшін 18 жастан жоғары коронавируспен ауырмаған және денсаулығында ешқандай кінәраты жоқ 40 000 ерікті қатысуға ниет білдірген. Олар вакцинациядан бұрын скринингтен өтеді, яғни қажетті анализдер тапсырады және мамандардың кеңесінен өтеді.
Еріктілер вакцина салғаннан кейін жарты жыл бойы телемедицина технологиясын қолдана отырып, үнемі медициналық бақылауда болады. Олар арасындағы кейбіреулері дене температурасы мен қан қысымын өлшейтін білезіктермен қамтамасыз етіледі.