Мұхаммед Салах өзі туып өскен ауыл тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетті
27 жасар футболшы мысырлықтарды үйден аса қажеттілік болмаса сыртқа шықпауға шақырған
Мысырлық «Ливерпуль» клубы шабуылшысы Мұхаммед Салах коронавирусқа байланысты өз қаражатынан 1 миллион еуро қаржы бөліп, осынау қиын-қыстау кезеңде қиналған жандар үшін қайырымдылық жасап еді. Әлемдік пандемияның күрт асқынуы мен оның созылуы нәтижесінде футболшы тағы бір сауапті іске қол ұрып өзі туып өскен ауылы Нагригтегі тұрғындарға гуманитарлық көмек ретінде бірнеше тонна азық-түлік үлестірген.
Сонымен қоса футболшы өз аулдастары мен отандастарына медициналық маскада үлестіріп, пандемияның тәртібін сақтауға және тұрғындарды үйден аса қажеттілік болмаса сыртқа шықпауға шақырған.