Мұхаммед Әли кубогы латвиялық боксшыға нәсіп етті
Бүкіләлемдік бокс супер сериясының финалында латвиялық боксшы Майрис Бриедис кубалық Юньер Дортикосты сұлатты
Германияда өткен Бүкіләлемдік бокс супер сериясының финалында латвиялық боксшы Майрис Бриедис кубалық Юньер Дортикосты жеңіп Халықаралық бокс федерациясы (IBF) белбеуін мен «Ring» журналы атағын жеңіп алды.
Мюнхендегі «Plazamedia Broadcasting Center» аренадағы Чемпиондық жекпе-жек толық 12 раундқа созылды және соңында 35 жастағы Майрис Бриедис төрешілердің шешіммен 118: 111, 117: 111, 114: 114 есептік ұпай саны бойынша жеңіске жетіп, Мұхаммед Әли кубогына қол жеткізді.
