Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мұғалімдердің еңбек ақысы 15 пайызға дейін өседі
12:54 / 2020-10-25

Өзбекстанда 2024 жылға қарай мұғалімдердің айлық жалақысы ең төменгі еңбек ақының 15 еселенген мөлшеріне дейін артады


Өзбекстанда 2024 жылға қарай жоғары нәтижелерге қол жеткізген мұғалімдердің айлық жалақысы ең төменгі еңбек ақының 15 еселенген мөлшеріне дейін көтерілетіні айтылды.

Білім минисрті Шерзод Шерматовтың мәлімдеуінше, мектептерде сынып жетекшілігі үшін төлемдер 1,5 есеге өседі. Ал, методистердің жалақысы жоғары санатты мұғалімнің базалық ставкасына теңесетін болған.

Өзбекстан Республикасы Президентінің Жарлығы жобасы бойынша өткен баспасөз конференциясында айтылған мәлімдемеге сай, мектеп түлектерінің ЖОО-ға оқуға түсу көрсеткіші жоғары болған жоғары жалпы білім беретін мектептердің басқару құрамы ынталандырылады, ал Халықаралық ғылыми олимпиадалар жеңімпаздарының мұғалімдеріне тікелей жоғары біліктілік санаты берілетін болады.

Сонымен қатар 2024 жылға қарай жоғары нәтижелерге қол жеткізген мұғалімдердің айлық жалақысы біртіндеп ең төменгі еңбек ақының 15 еселенген мөлшеріне дейін көтерілетіні айтылды.