Льюис Хэмилтонға рыцарь атағы берілді
Формула-1 спортында әлемінің жеті дүркін чемпионы Льюис Хэмилтонды Ұлыбритания патшайымы рыцарь атағымен марапаттады.
Атаулы марапат «Мерседес» командасының жетекші спортшысына үлкен қызметтері үшін берілген. Осылайша, Льюис Хэмилтон Формула-1 бойынша рыцарь атағын алған төртінші пилот болды. Бұған дейін ол Джек Бребем, Стирлинг Мосса және Джеки Стюарт сынды жарысшыларға табыс етілген.
Жалпы 2020 жыл британдық спортшы үшін сәтті жыл болып, формула-1 жарысының әйгілі аңызы әлемнің жеті дүркін чемпионы Михаэль Шумахердің рекордын қайталап, Гран-придегі жеңістер саны бойынша оның рекордын басып озды. ВВС-дің жарияланымына сай, ол 2020 жылда «Жыл спортшысы» атанды.