Льюис Хэмилтон Ұлыбритания Гран-приінде жеңіске жетті
Мерседес командасының жүргізушісі Льюис Хэмилтон Формула-1 әлем чемпионатының Ұлыбритания Гран-приінде жеңімпаз атанды.
«Сильверстоун» автодромында өткен Гран-приде 36 жастағы британдық пилот мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті. Одан кейінгі орындарды Феррари командасының пилоты Чарльз Лекнер мен Мерседес командасының мүшесі Вальтерри Боттас иелеген.
Формула-1 бойынша әлем чемпионатының келесі кезеңі 31 шілде мен 1 тамызаралығында Венгрияда өтеді.