Льюис Хэмилтон «Феррари» командасымен келісімшартқа отырды
Формула-1 бойынша жеті дүркін әлем чемпионы британдық Льюис Хэмилтон 2025 жылдан бастап «Феррари» командасының намысын қорғайды.
Итальяндық команда баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол еркін агент атанатын Карлос Сайнстың орнын иеленбек.
«Феррари командасы Льюис Хэмилтонның командаға 2025 жылы көп жылдық келісім-шартпен қосылатынын қуана хабарлайды», делінген ақпаратта.
Келісім ұзақ жылға жасалған, бірақ британдық спортшының жалақысы жарияланбаған.