Людмила Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды
Үндістанда өткен жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында -59 келі салмақта Людмила Элефтериади Өзбекстан намысын лайықты қорғады.
Ол жұлқа көтеруде 79 келі салмақты көтеріп Азия чемпионатының қола жүлдегері атанса, сілке көтеруде 98 келі салмақпен екінші орын алды.
Осылайша Людмила 177 келі нәтижемен алтын медальмен марапатталды.