Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ұлықбек Рашидов 2024 жылы әлемнің ең үздік таэквондошысы атанды
12:43 / 2024-12-05

2024 жыл 4 желтоқсан күні Дүниежүзілік таэквондо федерациясы (WТ) жылдың үздік спортшылары мен бапкерлерін анықтау үшін өткен дауыс беру нәтижелерін жариялады.

Дауыс беру қорытындысы бойынша, «Жылдың ең үздік ер спортшысы» номинациясында Өзбекстан ұлттық құрамасының мүшесі, екі дүркін Олимпиада чемпионы Ұлықбек Рашидов жеңімпаз атанды.

Марапаттау рәсімі Гонконгта өтіп жатқан пумсе бойынша әлем чемпионаты аясында ұйымдастырылды. Оған Ұлықбек Рашидовта қатысып, Дүниежүзілік таеквондо федерациясының бас хатшысы Сео Чжонганның қолынан өз сыйлығын қабыл алды.

Айта кету керек, өзбек таэквондошысы алғаш рет әлемнің ең үздік спортшысы деп танылды.