Ұлыбританияның жаңа премьер-министрін сайлау процесі басталады
Ұлыбританияның жаңа премьер-министрін сайлау процесі 13 шілдеде басталады.
Британ Консервативтік партиясының басқарушы комитетінің басшысы Грэм Брэди, Британ Консервативтік партиясының жаңа көшбасшысы және елдің премьер-министрін сайлау процесі 13 шілдеде басталатынын мәлімдеді.
Консервативтік партияның Басқарушы комитеті 12 шілдеге дейін партия көшбасшысы лауазымына өз кандидатурасын ұсынуға болады деп шешті. Сонымен бірге, бірінші турға өту үшін кандидаттар консерваторлар фракциясының кемінде 20 мүшесінің қолдауына ие болуы керек, ал екінші турға өту үшін 30 дауыс жинауы керек.
Дүйсенбіге дейін Ұлыбритания премьер-министрі лауазымына 11 үміткер өз кандидатурасын ұсынған болатын.