Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі қызметінен кететінін мәлімдеді
00:00 / 2021-06-27

Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Мэтт Хенкок карантин кезінде әлеуметтік арақашықтықты сақтамағаны үшін қызметінен кететінін мәлімдеді.

ВВС-дің хабарлауынша, Хэнкок пен оның көптен бері сүйген қызы Джина Коладангелоның кездесуіндегі суреті басылымдарда жариялаған болатын. Екеуінің де отбасы және балалары бар. Бірақ бұл зинақорлық туралы емес, денсаулық сақтау министрімен пандемия кезінде болған жағдай туралы.

«Бүгін мен премьер-министрмен кездесіп, денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселелер министрі қызметінен отставкаға кетуім жайлы айттым. Коронавирустық пандемияға және карантинге қарсы күрес кезінде елдің біраз халқы құрбан болғанын түсінемін. Қағиданы бекіткендердің өзі оған мойынсұнуы керек, сондықтан мен отставкаға кетуім керек », - деді Хэнкок Twitter-де жарияланған видео үндеуінде.

Ханкок бүкіл пандемия кезінде корольдіктің азаматтары әлеуметтік арақашықтықты сақтауын талап етіп келген болатын.