Әр ширек сайын жарық көретін Британдық «Open Central Asia Magazine» журналы Өзбекстандағы конституциялық реформалар жөніндегі комиссия төрағасы Акмал Саидовтың «Жаңа Өзбекстан конституциялық реформаларға ұмтылуда» деген мақаласын жариялады.
Басылым конституциялық реформаның негізгі бағыттарын ұсына отырып, олардың мәні мен маңызын келтірген.

Президент Шавкат Мирзияев комиссия мүшелерімен кездесуінде халықтың пікірі мен оның бастамаларын барынша ескеру үшін түзетулерді референдум арқылы қабылдауды ұсынғаны баса айтылған. Президент сондай-ақ жаңа Конституцияда халықтың мүдделерін, бостандықтары мен қадір-қасиетін қамтамасыз етудің, сондай-ақ әлеуметтік принциптерді қамтудың қосымша кепілдіктерін – «Өзбекстан – әлеуметтік мемлекет» идеясын көрсетудің басымдығын атап өтілген.
Журналдағы мақала қорытындысында, конституциялық реформалар халықтың және Өзбекстанның әл-ауқатын одан әрі арттыру, оның экономикалық қуаты мен әлемде бәсекеге қабілеттілігін нығайту міндеттерін жүзеге асыруға қызмет ететіні айтылған, деп хабарлайды Dunyo ақпараттық агенттігінің хабарында.