French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ұлыбританиядағы азаматтар Өзбекстанда өтетін референдумға мерзімінен бұрын дауыс беруде
11:20 / 2023-04-27

Ұлыбританияда тұратын өзбекстандық азаматтар Өзбекстанның Конституциялық заң жобасы бойынша референдумда мерзімінен бұрын дауыс беру үдерісіне белсенді қатысуда.

Атап айтқанда, Өзбекстанның Ұлыбританиядағы елшілігі жанынан құрылған 9-шы референдум учаскесінде ел астанасы Лондонда, сондай-ақ өзбекстандықтар көптеп тұратын Борнмут пен Бексли қалаларында мерзімінен бұрын дауыс беруге арналған жылжымалы референдум бекеттері ұйымдастырылды.

Мерзімінен бұрын дауыс беру күндерінде жүзге жуық өзбекстандықтар конституциялық құқықтарын пайдаланды.

Саяси шара аясында өзбекстандықтармен олардың тұрмыс-тіршілігі, мұң-мұқтаждары, түйткілді мәселелері және оларды бірлесіп шешу жолдары туралы сұхбат жүргізіліп, құқықтық кеңес, тиісті ұсыныстар берілгені айтылады хабарламада.