Ұлыбританияда жаңа премьер-министрдің есімі қашан белгілі болатынын жариялады
Ұлыбританияның жаңа премьер-министрінің есімі 2022 жылдың 5 қыркүйегінде белгілі болады.
Sky News арнасының хабарлауынша, бұл туралы Консервативтік партияның тең төрағасы Эндрю Стивенсон.
«Мен (сайлаудың) нәтижелері дүйсенбі, 5 қыркүйекте Вестминстердегі орталық жерлердің бірінде сағат 12.30-да жарияланатынын мәлімдегенге қуаныштымын», - деген Стивенсон партия мүшелеріне жазған хатында.
Премьер-министр сайлауының соңғы кезеңіне елдің сыртқы істер министрі Лиз Трасс пен бұрынғы қаржы министрі Риши Сунак жеткен.
Соңғы турда жеңімпаз консервативті партияның барлық мүшелерінің дауыс беруі арқылы анықталады.
Еске салар болсақ, Борис Джонсон 7 шілдеде елдің премьер-министрі мен консервативті партия басшылығынан кететінін мәлімдеген болатын.