Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ұлыбританияда шағын ұшақ апатқа ұшырады
09:59 / 2025-07-14

Ұлыбританияның оңтүстік-шығысындағы Саутенд әуежайында шағын әуе кемесі әуеге көтерілу сәтінде апатқа ұшырады.

The Telegraph басылымының хабарлауынша, апатқа Beechcraft King Air B200 маркалы ұшақ ұшыраған. Әуе кемесі Нидерландтың Лелистад қаласына бағыт алған болатын.

Оқиға орнына дереу жедел жәрдем мен өрт сөндіру қызметі жұмылдырылған. Эссекс графтығының полициясы апатқа байланысты тергеу амалдарының басталғанын растады.

«Ұзындығы 12 метрге жуық ұшақтың апатына қатысты барлық төтенше қызмет өкілдерімен бірлесе жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл жұмыс бірнеше сағатқа созылуы мүмкін. Осыған байланысты тұрғындарды оқиға аумағына жақындамауға шақырамыз», — делінген полиция таратқан ресми мәлімдемеде.

Қазіргі уақытта апаттың себептері мен салдары анықталып жатыр.