Ұлыбританияда коронавирустың жаңа түрі анықталды
Британдық дәрігерлер коронавирустың жаңа түрін анықтады.
«Mirror» сайтының мәліметінше, қазіргі кезде коронавирустың жаңа түрі «B.1.621» мутациясы атымен тіркелген.
Қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі ковидтік инфекцияның жалпы 16 жағдайын тіркеген болып, барлық инфекция жұғу жағдайы елден тыс жерлерде болған.
Мамандар жаңа штамды зерттеуді бастады: олар мутациядан кейін вирустың қалай өзгергенін білгісі келеді. Көптеген адамдарды вакциналар жаңа штаммға қарсы тұралама деген сұрақ мазалауда.
Бүкіл әлемдегі сияқты, Ұлыбританияда да кеңінен таралған ковидті штамм қазір «дельта» болып табылады: ол науқастардың 99 пайызында анықталған. Бір ай ішінде осы штамммен 1788 науқас ауруханаға жатқызылды. Оның 29,6% -ы толық вакцинацияланған азаматтар.