Ұлыбританияда коронавирустың тағы екі мутациясы анықталды
Британдық сарапшылар елдегі коронавирустың екі жаңа мутациясын анықтады.
Sky News хабарлауынша, жаңа штаммдар Бристоль мен Ливерпульде анықталған. Мамандардың айтуынша жаңа штаммның Бристольде анықталған түрі «алаңдаушылық тудыратын» деп аталуда. Өйткені ол да өте жұқпалы болып, мутация вакцинамен өзара әрекеттесуі және оған қарсы тұруы мүмкін деп санайды. Бұл дегеніміз, вирус белгілі бір дәрежеде вакцинаға төзімді болуы мүмкін.
Ливерпульде анықталған екінші нұсқа «зерттеу кезеңінде» екені айтылады. Бірақ анықталған екі нұсқаның да ерекшеліктері Оңтүстік Африка штамына ұқсас, делінген хабарламада.