Ұлыбританияда коронавирусқа байланысты ерекше сынақ өтеді
Ұлыбританияда SARS-CoV-2 коронавирусы адам ағзасына әсер ету механизмін терең зерттеу үшін ондаған сау ерікті жасөспірімдерге жұқтыру сынағы өтеді.
Bloomberg агенттгінің мәліметінше, бұл эксперимент Ұлыбританияның клиникалық зерттеулер этикасы комитетімен мақұлданды және осы жылдың наурыз айының соңына жоспарланған.
Үкімет мәлімдемесіне сәйкес, 18-ден 30 жасқа дейінгі 90-ға жуық сау жастар зерттеудің екі бағытына қатысуға қабылданады:
- Біріншісі – иммундық реакцияны бастау үшін қажетті вирустың минималды мөлшерін анықтауға көмектеседі. Ұйымдастырушылар бұл вирус жұқтыру жағдайына әсер ететін факторларды анықтауға мүмкіндік береді деп санайды.
- Екіншісі – еріктілерге COVID-19 емдеуде тиімділігі дәлелденген дәрілермен вакцинациялауды қамтиды. Осыдан кейін оларға коронавирус «жұқтырылады». Бұл адамдарды қайта инфекциядан қорғауға қажетті иммундық реакцияны анықтауға көмектеседі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы зерттеулердің осындай түрлерінің маңыздылығын айтып, өндірілетін вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалауға қатысушылардың саны аз екендігімен салыстырған.