English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ұлыбританияда ескі шайнек 500 мың долларға сатылды
00:35 / 2020-09-27

Ұлыбританияда «Hansons Auctioneer» аукционында Қытай Императоры Цяньлун дәуіріне жататын антикалық шайнек жарты миллион долларға сатылды


Ұлыбританияда «Hansons Auctioneer» аукционында Қытай Императоры Цяньлун дәуіріне жататын антикалық шайнек 495 мың долларға сатылды.

UPI порталының хабарлауынша, бұл тарихи жәдігер Британия азаматының үйінің шатырынан табылған және оған бұл зат атасынан мұра ретінде қалған. Оның айтуынша ескі шәйнек екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Азиядан әкелінген.

Ескі шайнектің бастапқы бағасы шамамен 50 мың доллар деп белгіленмен, ондағы сегіз сатып алушы бірінің артынан бірі бағаны өсіріп отырғандықтан, тарихи зат бұл бағадан он есеге жақын қымбатқа сатылды.

Сатып алған адам өз есімін жариялағысы келмеген.