Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ұлыбританияда артиллериялық қару-жарақ шығаратын жаңа зауыт ашылды
13:05 / 2025-06-14

Ұлыбританияның Шеффилд қаласында артиллериялық қару-жараққа сұраныстың артуына байланысты жаңа өндіріс орны іске қосылды.

Бұл туралы елдің Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Аталған зауытты «BAE Systems» компаниясы басқарады. Мұнда 155 миллиметрлік M777 жеңіл гаубицалары құрастырылатын болады.

— Зауыт заманауи жауынгерлік жүйелерді жасап шығару арқылы жоғары сұранысты қамтамасыз ете алады, — делінген министрлік мәлімдемесінде.

«Telegraph» басылымының мәліметіне қарағанда, компания 2023 жылы бұл үлгідегі гаубицаларды шығаруды қысқарту туралы шешім қабылдаған болатын. Алайда кейінгі геосаяси жағдайларға байланысты сұраныс қайта артқан.

Басылым дерегіне сүйенсек, Украина бұған дейін салмағы 4,5 тонна болатын, 30 шақырымға дейінгі нысананы дәл көздеуге қабілетті бірнеше M777 гаубицасын алған. Алайда соғыстағы белсенді қолдануға байланысты олардың көбі бүгінде жөндеуді немесе толық қалпына келтіруді қажет етіп отыр.