English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ұлыбритания ханшайымының жары ханзада Филипп қайтыс болды
17:39 / 2021-04-09

Ұлыбритания ханшайымының ІІ Елизаветаның жары ханзада Филипп 100 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Букингем сарайы хабарламасында, «Мәртебелі Патшайым қайғыра отырып, өзінің сүйікті жары, Эдинбург герцогі, корольдіктің мәртебелі ханзадасы Филиптің қайтыс болғанын хабарлайды. Мәртебелі ханзада бүгін таңертең Виндзор қамалында қайтыс болды», - деп жазылған король отбасының сайтында.

1921 жылы Грецияның Корфу аралында, Глюксбургтар әулетінің отбасында дүниеге келген ханзада Филипп Елизавета патшайыммен 1947 жылдан бері бірге өмір кешті. Отау құрғанынан 5 жылдан кейін Елизавета патшайым болды. Олардың 4 баласы, 8 немересі және 10 шөбересі бар.

10 маусымда ол 100 жасты қарсылайтын еді. Ханзада Филип әйелінің мерейтойына екі апта қалғанда қайтыс болды - 21 сәуірде патшайым 95 жасқа толады.