Ұлыбритания ресейлік «Аэрофлот» әуе компаниясының активтерін бұғаттады
Ұлыбритания үкіметі ресейлік «Аэрофлот» әуе компаниясының активтерін бұғаттады.
«Біз Ұлыбританиядағы «Аэрофлотқа» тыйым салып жатырмыз», - деді Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Британдық қауымдар палатасында.
Жарияланған санкциялар тізімінде айтылғандай, тасымалдаушының Ұлыбританиядағы активтері бұғатталады.
Ол өз сөзінде, Ресейді әлемдік экономикадан бірте-бірте ығыстыратын аяусыз миссиямызды жалғастырамыз деп: «Біз күн сайын және апта сайын Ресейді әлемдік экономикадан бірте-бірте ығыстыратын аяусыз миссиямызды жалғастырамыз. Әрине, біз Украинаға жасалған шабуылды айыптау үшін әрбір халықаралық форумда Ұлыбританияның ұстанымын пайдаланамыз", - деді.