Ұлыбритания премьер-министрі ел халқынан кешірім сұрады
Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак ел халқынан қан құю арқылы АИТВ және гепатит С вирусын жұқтырған жағдай болғаны үшін кешірім сұрады.
Тергеу мәліметтері бойынша, 1970-1980 жылдардағы кезеңде қанды қате құю нәтижесінде мыңдаған британдық пациенттер АҚТҚ (АИТВ) және С гепатитін жұқтырған.
Нақты сандарда: 30 мыңнан астам британдықтар ауруды жұқтырды, ал 3 мыңға жуық адам соның нәтижесінде қайтыс болды.
Оның себебі – гемофилиядан (қанның ұюының бұзылуынан) емделген донорлардың, атап айтқанда, американдық түрмелердегі нашақорлардың қаны құйылған.