Ұлыбритания патшайымы Елизавета II қайтыс болды
Ұлыбритания патшайымы Елизавета II 97 жасқа қараған шағында отбасының бауырында Балморал сарайында қайтыс болды.
Осы жағдайға байланысты Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі Елизавета II ресми мемлекет басшысы болған 15 елдің үкіметтерін, сондай-ақ қалған 38 елдің – Ұлттар Достастығына мүше елдердің басшылығын хабардар еткен.
Королеваның қайтыс болғаны жарияланғаннан кейін Лондонның орталығындағы барлық үкіметтік ғимараттарда британдық тулар жартылай ілінді.
Елизавета II 1926 жылы Йорк герцогы мен герцогинясының отбасында дүниеге келген. Патшайым елді 1952 жылдың ақпанынан бастап 70 жыл бойы басқарған.