Ұлыбритания мен Германия жоғары дәлдіктегі жаңа қару жасамақ
Ұлыбритания мен Германия жоғары дәлдіктегі, 2000 шақырымнан астам қашықтыққа ұша алатын жаңа қару түрін бірлесіп жасауға келісті.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, аталған жоба 2024 жылы қабылданған екіжақты қорғаныс келісімшарты аясында жүзеге асырылады.
Ұлыбританияның қорғаныс министрі Джон Хили мен Германияның қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде өткен кездесуде бастаманы көтеріп, бірлесіп іске асыруға уағдаласты.
Жобаның нақты мерзімі мен бюджеті әзірге жарияланған жоқ.
Сонымен қатар, екі елдің қорғаныс министрлері теңіз қауіпсіздігі мен барлау ұшақтарына арналған торпедо сатып алу, сондай-ақ Германия тарапының Ұлыбританияда өндірілген әскери көпірді сатып алуы мүмкіндігі туралы да келіссөздер жүргізді.
Бұл бастама Ұлыбритания мен Германия арасындағы қорғаныс саласындағы стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруі мүмкін.