Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ұлыбритания коронавирусқа қарсы Novavax вакцинасын мақұлдады
10:18 / 2022-02-04

Британдық дәрі-дәрмек пен денсаулық өнімдерін реттеу агенттігі (MHRA) елде американдық Novavax компаниясы шығарған Nuvaxovid коронавирусқа қарсы вакцинаны пайдалануға рұқсат берді.

«Дәрілік препарат оның қажетті қауіпсіздік, сапа және тиімділік стандарттарына сәйкестігі мұқият тексерілгеннен кейін мақұлданды», делінген MHRA-ның хабарламасында.

Мұндай шешім қабылдау алдында Агенттік 50 мыңға жуық адам қатысқан екі ірі клиникалық сынақтың нәтижелерін қараған.

Айта кетейік, бұл британдық билік елде қолдануға рұқсат берген бесінші коронавирустық вакцина (AstraZeneca, Pfizer, Moderna және Johnson & Johnson вакциналарынан кейінгі).