Ұлыбритания Еуро Одақтан шығады, құжатқа Елизаветта II қол қойды
Мұны Еуропа Кеңесінің басшысы Шарль Мишель мен Еуропалық Комиссияның басшысы Урсула фон дер Лайенде мақұлдады
Ұлыбритания патшайымы Елизавета II елдің Еуропалық Одақтан шығуы туралы парламент қабылдаған заңға қол қойды. Оның Brexit-тен шығуы 31 қаңтарға белгіленген.
Ал, бүгін Еуропа Кеңесінің басшысы Шарль Мишель мен Еуропалық Комиссияның басшысы Урсула фон дер Лайен кездесуде Ұлыбританияның Еуропалық Одақтан шығуы туралы келісімге қол қойды. Оны фон дер Лейен өз Twitter парақшасында жариялап «Еуропа Кеңесінің Төрағасы Чарльз Мишель мен мен Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуы туралы келісімге қол қойдық, бұл жағдай Еуропалық Парламент ратификациялауға жол ашты», - деп жазған.
Енді Еуропалық Парламент 29 қаңтарда дауыс береді деп күтілуде. Осыдан кейін тараптар ратификациялармен алмасады. Ұлыбритания 31 қаңтарда сағат тілі 23: 00-де ЕО құрамынан шығуы жоспарланып, алайда жылдың аяғына қарай ештеңе өзгермейді. Желтоқсанға дейін өтпелі кезең болып, оның барысында тараптар одан әрі қатынастар туралы келіссөздер жүргізетін болады.