Ұлыбритания Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруде Өзбекстанды қолдады.
Өзбекстан Президентінің Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Азизбек Уруновтың Лондонға сапары аясында Ұлыбританияның Бизнес және сауда министрінің орынбасары Гарет Томас, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігі басшылығы және сарапшылар деңгейінде келіссөздер өтті.
Dunyo ақпарат агенттігінің хабарлауынша, кездесулер барысында Ұлыбритания Өзбекстанды Орталық Азиядағы маңызды серіктестерінің бірі деп санайтыны және Ташкентпен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға мүдделі екені ерекше атап өтілді.
Тараптар халықаралық саудадағы заманауи үрдістерді талқылады.
Ұлыбритания Өзбекстанның ДСҰ-ға мүшелікке өту үдерісін толық қолдайтынын растады.
Сонымен қатар, екі ел Дүниежүзілік банктің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан экономикалық өсу және даму бағдарламасы арқылы Өзбекстанның ДСҰ-ға қосылу процесіне техникалық көмек көрсету, бұл бағытта мамандардың институционалдық әлеуетін нығайту және олардың халықаралық сауда саласындағы білімдері мен дағдыларын арттыру жөнінде келісімге келді.