Ұлы Жібек жолының Зарафшан-Қарақум дәлізі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енді
Биыл 10-25 қыркүйек аралығында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитетінің 45-ші сессиясы өтуде.
Өзбекстан Мәдениет және өнерді дамыту қорының хабарлауынша, сессия барысында Ұлы Жібек жолының Зарафшан-Қарақум дәлізі Жалпыға ортақ мұра тізіміне енгізілді.


Жалпы адамзаттық мұралар тізіміне енген «Жібек жолы. Зарафшан-Қарақұм дәлізі» үш елде орналасқан 31 нысаннан тұрады. Оның 9-ы Тәжікстанда, 15-і қазіргі Өзбекстан аумағында, қалғаны Түркіменстан аумағында орналасқан.


Эр-Рияд қаласындағы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитетінің 45-ші сессиясына Өзбекстан «Ұлы Жібек жолының Зарафшан-Қарақум дәлізі» номинациясы бойынша жоба үйлестірушісі ретінде қатысты.
ӨзА