Белгілі нидерландтық мәдениет және өнер қайраткері Бурхониддин Чарлак Өзбекстан, Тәжікстан және Ауғанстан арқылы өтетін маршрут бойынша велосаяхаттар жобасын жасады.
Өзбекстанның Бельгиядағы елшілігінің сайтындағы мәліметке сай, «Rumi Trail» деп аталатын велотурдың ұзақтығы 1433 шақырымды құрайды. Автор ұсынған велотур бағыты Өзбекстан территориясындағы ежелгі Жібек жолында орналасқан қалар қатысушыларға ұмытылмас әсер қалдыратынын айта отырып, «Өзбекстан - Орталық Азиядағы ең жарқын елдердің бірі. Әрине, көптеген адамдар Ұлы Жібек жолы туралы естіген. Бірақ Жібек жолында әлі күнге дейін көптеген адамдар білмейтін керемет, әдемі қалалар бар. Самарқанд, Бұхара, Хиуа сияқты көне қалалардағы мұнаралар мен мешіттердің әсемдігі сізді баурап алады. «Rumi Trail» вело-сапарында сіз әлемдік мәдениетпен танысуға мүмкіндік аласыз», деп жазған Бурханиддин Чарлак.
Велотурға қатысушылар сонымен қатар ел астанасы – Ташкентте болып, онда олар заманауи мегаполистің сәулетті жауһарлары, әсем ғимараттары және метро станцияларымен танысуға мүмкіндік алады, делінген хабарда.