Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Лукашенко Украина, Литва және Польшамен шекараларды жабатынын мәлімдеді
00:18 / 2020-09-18

9 тамызда өткен президенттік сайлаудан кейін басталған наразылықтар Беларуссияда бір айдан астам уақыттан бері жалғасып келеді


Беларустағы сайлаудан кейін елдегі болып жатқан түрлі наразылық акциясы кезінде республиканың Балтық елдері, Польша және Украинамен арадағы қарым-қатынасы нашарлады.

Александр Лукашенко шекараны жабу жөнінде «Беларусь үшін» әйелдер форумында мәлімдеп, «Біз алдағы уақытта олардың не жасайтынын білмейміз сондықтан батыс жақтағы Литва, Польша және бауырлас Украинамен де арадағы шекараларды жабуға мәжбүрміз»,- деген.

Сондай-ақ, Беларуссия президенті Литва, Польша және Украина халықтарына «ессіз саясаткерлеріңізді тоқтатыңыз, соғыс басталуына жол бермеңіз» деген сөздер айтып, осы елдермен шекара маңындағы әскери жасақта күшейтілетінін жеткізген. 

Бұған дейін 9 тамызда өткен президенттік сайлаудан кейін басталған наразылықтар Беларуссияда бір айдан астам уақыттан бері жалғасып келеді. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Лукашенко үлкен басымдықпен жеңіске жеткен, алайда оппозиция билікті дуыстарды ұрлады деп айыптап, жаңа сайлау өткізуді талап еткен.