Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Лукашенко Путинмен Беларуссиядағы наразылықтар туралы сөйлесті
19:23 / 2020-08-15

Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей президенті Владимир Путинмен Беларуссиядағы наразылықтар туралы телефон арқылы сөйлесткен


Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей президенті Владимир Путинмен Беларуссиядағы наразылықтар туралы телефон арқылы сөйлесткен.

Сұхбат жөнінде Беларусь президентінің баспасөз қызметі таратқан хабарында нақты әңгіменің егжей-тегжейі белгісіз. Бірақ тараптар Беларусьтағы оқиғаларды талқылаған.

15 тамызда Лукашенко Минскідегі жиында: «Енді мен Ресей президенті Путинмен хабарласуым керек, мен қазір онымен сөйлесе аламын. Өйткені бұл (елдегі процесс) жағдай тек Беларусьқа ғана емес... Егер Беларуссияда жағдай сәтсіздікке ұшыраса, онда бұл наразылықтар (Ресейде) белең алады», деген.

Лукашенконың сөзіне қарағанда Беларусь қазіргі кезде агрессия мен сыртқы күштердің араласуына тап болған және елде «түрлі-түсті революциялық белсенділік» қолданылып жатқанын меңзеген.