Беларусь президенті Александр Лукашенко мемлекетте жаңа конституция қабылданғаннан кейін президенттік сайлауға қатыспайтынын мәлімдеп, конституцияға дауыс беру кезінде алаяқтыққа жол бермеуге уәде берді.
Жаңа конституция қашан қабылданатыны белгісіз.
«Мен ешқандай конституцияны өз мүддеме түзетіп жатқан жоқпын. Жаңа конституция қабылданған кезде мен қайта президент болып қызмет етпеймін. Сондықтан сабыр етіңіз. Мен жаңа конституцияны қабылдау кезінде ешкімнің алдауына немесе кейін жаңа конституция бойынша өткізілетін сайлауды бұрмалауына жол бермеймін. Тіпті бұл мен күткен жағдай болмайтынын білсем де. Неліктен? Себебі Беларусь халқы басып өту керек болған өткелден өтуі керек. Мұны қазір, соғыссыз жасаған дұрыс», деген Лукашенко.
Өткен қыркүйек айында Лукашенко елде кезектен тыс президент сайлауы өтуі мүмкін екенін айтып, бірақ сайлаудың қашан болатынын нақты кесіп мәлімдеген жоқ. Беларуссия көшбасшысы бұл үшін жаңа конституция қабылдауды және жергілікті билік органдарына сайлауды қажет ететіндігін білдірген. 16 қарашада Лукашенко өзінің өкілеттігінің 80 пайызына дейін бөлуді жоспарлап отырғанын ашып жеткізген.