Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Лука Модрич Golden Foot-2019 сыйлығының иегері атанды
15:28 / 2019-11-13

Бұл халықаралық марапаттың ерекшелігі - жеңімпаз өзінің аяқ іздерін Чемпиондар аллеясында қалдырады


Хорватиялық "Алтын доп" иегері, «Реал Мадрид» клубының жартылай қорғаушысы Лука Модрич 2003 жылдан беріге өткізілетін үздік футболшылардың марапаты Golden Foot-2019 сыйлығына лайық деп табылды.

Бұл халықаралық марапаттың ерекшелігі - жеңімпаз өзінің аяқ іздерін Монако Княздығындағы Чемпиондар аллеясында қалдырады. Қазірде бұл аллеяда өз аяқ іздерін қалдырған үздік футболшылар қатарында Роберто Баджо, Павел Недвед, Андрей Шевченко, Роналдо, Алессандро Дел Пьеро, Роберто Карлос, Роналдиньо, Франческо Тотти, Райан Гиггз, Златан Ибраҳимович, Дидье Дрогба, Андрес Иньеста, Самюэль Это’O, Жанлуижи Буффон, Икер Касиляс және Эдинсон Каванилер бар.

Чемпиондар аллеясын құру идеясы Дүниежүзілік чемпиондар клубының тікелей қолдауымен Монакодағы туризмді дамыту қоғамына тиесілі болып, Golden Foot сыйлығына үміткер футболшының жасы кем дегенде 29-да болып, қазылар алқасы мен журналистер комиссиясы онлайн-дауыс беру нәтижесінде ұсынылған он үміткердің ішінен таңдалады.

Golden Foot сыйлығына биылғы үміткерлер қатарында Лионель Месси, Криштиану Роналду, Тиаго Сильва, Серхио Рамос, Уэйн Руни, Серхио Агуэро, Роберт Левандовски, Жоржио Кьеллини және Жерар Пике сынды футболшылар болған.