Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Lufthansa әуе компаниясы Өзбексанға рейстерді қалпына келтіруі мүмкін
11:38 / 2023-09-18

Lufthansa компаниясы Франкфурт-Ташкент бағыты бойынша тұрақты рейстерді жолға қоюы мүмкін.

«Узавиация» агенттігінің директоры Германияның Lufthansa әуе компаниясының өкілдерімен Өзбекстанға рейстерді қалпына келтіру мәселесін талқылады.

Агенттік дерегінше, кездесу көлік-логистикалық байланыстарды нығайту, өзара туристік ағындарды арттыру, сондай-ақ Өзбекстан мен Германия арасында жаңа туристік бағыттарды ашу мақсатында ұйымдастырылды.

«Сұхбат барысында Lufthansa әуе компаниясының Франкфурт-Ташкент бағыты бойынша тұрақты рейстерді ашу мәселесі де талқыланды», делінген хабарламада.

1993 жылдан 2001 жылға дейін Lufthansa Ташкенттен Франкфуртқа тұрақты жолаушылар рейсін орындады. 2010 жылы әуе компаниясы Ташкентке рейстерді қайта бастады, бірақ кейінірек оларды қайта тоқтатты.